Қырғыз тасымалдаушылары Қазақстанның заңнамасын жиі бұзады - ИДМ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы уақытта қырғыз тасымалдаушыларының Қазақстан Республикасының көліктік заңнамасын көзге ілмеу оқиғаларының саны артқан. Бұл туралы ҚР ҚазАқпарат Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Мәселен, 10 қазан күні сағат 14:00 уақытынан бастап 29 қазан күнгі сағат 14:00 уақытына дейін Қырғыз Республикасына тиесілі тексерілген 2901 көлік құралының 342-і өрескел бұзушылыққа жол берген.
«Салмақты габарит параметрлерін асыру бойынша 67, каботажды жүкті алып жүру бойынша 11, қазақстандық рұқсат бланкысы жоқ 1, қазақстандық рұқсат бланкісінің үшінші елде жүруге қатысты 1, сонымен бірге өзге де 262 бұзушылық анықталды. Жоғарыда аталған бұзушылықтарың барлығы үшін 10 млн 527 теңгенің айыппұлы салынды. Бұған қоса жолаушыларды тасымалдауға рұқсаты жоқ автобус айыппұл тұрағына жеткізілді», - деп хабарлайды ведомстводан.