Қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай шиеленісіп тұр – Шекара қызметі
БІШКЕК. КАБАР-ҚазАқпарат – Мемлекеттік шекараның қырғыз-тәжік учаскесіндегі жағдай шиеленісті болғанымен, салыстырмалы түрде тұрақты. Бұл туралы Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Шекара қызметінің қоғаммен және БАҚ-пен байланыс жөніндегі бөлімі хабарлайды, деп жазады ҚазАқпарат Кабарға сілтеме жасап.
Қырғызстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ шекара маңындағы аумақтарда заң бұзуды болдырмау және жағдайды ушықтырмау мақсатында Баткен облысында орналасқан шекара бөлімшелері күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қырғызстан Қауіпсіздік Кеңесінің шағын құрамдағы отырысын өткізді. Бұл туралы Кабар Президент аппаратының ақпараттық саясат бөлімінен хабарлады.
Отырыс барысында мемлекеттік шекараның қырғыз-тәжік учаскесіндегі шиеленіс деңгейін төмендету және қалыптасқан жағдайды әлсірету, елдің аумақтық тұтастығын сақтау, шекара маңындағы аумақтар тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар талқыланды. Президент Садыр Жапаров барлық жұмылдырылған мемлекеттік органдардың қалыптасқан жағдайды бейбіт жолмен реттейтін шараларды қабылдау керектігін екенін айтты.