Қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай ушығып тұр: шекарашыға оқ тиді

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы жағдай ушығып тұр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Қырғыз Республикасы Мемлекеттік шекара қызметінің қоғаммен және БАҚ-пен байланыс бөлімі хабарлағандай, шекара маңында тұратын халықпен түсіндіру жұмыстарын өткізу кезінде Тәжікстан тарапынан Қырғызстан азаматына екі рет оқ атылған. Соның салдарынан ҚР Шекара қызметінің әскери қызметкері жараланды. Кездесуге Қырғыз Республикасы Мемлекеттік шекара қызметінің төрағасы Уларбек Шаршеев, Қырғызстан билігінің Баткен облысындағы өкілетті өкілі Акрам Мадуамаров қатысқан.

Шекара бөлімшелері мемлекеттік шекараның аталмыш аумағында қызмет атқарудың күшейтілген режиміне көшірілді.

Исфара-Ворух автожолындағы қозғалысқа шектеу қойылды. Сондай-ақ, Тәжікстан азаматтары Исфана-Баткен тас жолындағы қозғалысты тоқтатты.

Бүгін, 2019 жылғы 23 шілде күні, Қырғызстан мен Тәжістан елдерінің шекара ведомстволары басшыларының кездесуі өтеді деп жоспарланған.

Еске салайық, қырғыз-тәжік шекарасындағы кезекті қақтығыс кеше, 2019 жылғы 22 шілдеде, шамамен сағат 17.30-да орын алған еді.

Соңғы жаңалықтар