Қырғыз ҰҚК қазақ-қырғыз шекарасындағы көлік кептелісіне түсінік берді

None
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы «Ақ-Тілек-автодорожный» бақылау-өткізу пунктінің алдында жүк көліктері кептеліп тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қырғызстан ҰҚК кекара қызметінің мәліметінше, 21 тамыздағы жағдай бойынша Қырғызстаннан шығуға мемлекеттік шекарадан өтуге кезекте 370-ке жуық автокөлік тұр.

Қырғыз Республикасының Шу облысындағы шекара өкілдері автокөлік құралдарын баяу өткізу себептерін анықтау үшін қазақстандық әріптестермен кездесу мәселесін пысықтап жатыр.

Осылайша сағат 09:00-ден бастап 18:00-ге дейін қазақ-қырғыз шекарасы арқылы 3 көлік қана өткен.

Қырғызстан ҰҚК кекара қызметінің хабарлауынша, Қырғызстан тарапынан өткізу пунктілері күнделікті режимде жұмыс істеп тұр, ешқандай шектеу жоқ.


Соңғы жаңалықтар