Қырғыз Жогорку Кенеші: Қазақстанға әлемдік қоғамдастық тарапынан жоғары сенім бар

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президентінің бастамалары Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін нығайтты. Бүгін Астанада ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған халықаралық парламенттік конференцияда Қырғыз Республикасының Жогорку Кенеші төрағасының орынбасары Әсел Кодуранова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Қырғыз Республикасының Жогорку Кенеші атынан қазақстандықтарды алдағы келе жатқан ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймыз. Біз Қазақстан халқының өркендеуіне тілектеспіз.  Біздің еліміз Қазақстанның табыстары мен жетістіктері туралы жақсы біледі. Әлемдік рейтингтерде алдыңғы қатарлы орындарға қарай белсенді ілгерлеп, халықаралық аренада маңызды ойыншылардың біріне айналдыңыздар», - деді Әсел Кодуранова.

Қазақстанның жаһандық бастамалары әлемдік қоғамдастық тарапынан қолдауға ие болғанына тоқталған ол, бұл өз кезегінде елдің халықаралық беделін нығайта түскенін жеткізді.

«Атап айтқанда, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздің кеңесінде тұрақты емес мүшесі мәртебесін алуы елдеріңізге әлемдік қоғамдастық тарапынан жоғары сенім бар екенін көрсетті. Орталық Азия мемлекеттері арасында бірінші болып осы беделді ұйымда қызмет еттіңіздер», - деді Әсел Кодуранова.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Астанада ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Астана - жаһандық интеграция, қауіпсіздік және бейбітшілік орталығы» тақырыбында халықаралық парламенттік конференция басталды. 

Конференция барысында Өзбекстан Олий Мажлисінің спикері Нуриджон Исмоилов Елбасы мақаласына қатысты пікір білдірді

Сонымен қатар, Түркияның Ұлы Ұлттық жиналысы төрағасының орынбасары Мустафа Шентоп Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы туралы өз ойын айтты.

Соңғы жаңалықтар
Референдум