Қырғыздар Қазақстанды футболшыларымызды қызықтырып тартып алды деп айыптады
АСТАНА. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - Қырғыздар Қазақстанның футбол федерациясын қырғыз құрамасының жас ойыншысы Раул Жәлиловті қызықтырып шақырып алды деп айыптап отыр. Бұл туралы осы елдің футбол федерациясының сайтынан хабарлады.
Қырғыздардың бұлай шүйлігуіне 2013 жылдың қазанында ұлттық құраманың ойыншысы 19 жастағы Раул Жәлиловтің Кувейт пен Тәжікстан құрамасымен ойнаудан бас тартуы себеп болған. Енді ойыншы Қазақстан Республикасының азаматтығын алу мәселесін қарастырып жатыр деген ақпарат тарады.
ҚРФФ осы мәселеге қатысты ФИФА-ның Тәртіптік комитетіне хат жазып, онда мемлекет оқытып, жаттықтырған ойыншының басқа құраманың шақыруымен кетіп қалғанына наразылығын білдірген.