Қырғыздарды қар барысының болашағы алаңдатады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Бішкек қаласында 2017 жылғы 24-25 тамызда қар барысы мен оның экожүйесін сақтау жөнінде халықаралық форум өтеді, деп жазады Kabar.

Форумға ілбіс мекендейтін Ауғанстан, Бутан, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Непал, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан сияқты 12 елдің ресми делегациясы қатысады

2012 жылы Қырғызстан Республикасының президенті Алмазбек Атамбаев жоғалып бара жатқан қар барысын сақтау бойынша халықаралық форумды Бішкекте өткізу туралы бастама көтерген еді.

Айта кетейік, 2013 жылы аталған елде өткен Бүкіләлемдік форум алаңында 2020 жылға қарай Азиядағы қар барысы мекендейтін 20 тау ландшафтын құру жоспарына халықаралық қолдау көрсететін Бішкек декларациясы мен қар барысы мен оның экожүйесін сақтау бойынша жаһандық бағдарлама (GSLEP) қабылданған болатын. 

Соңғы жаңалықтар