11:35, 04 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Қырғызстан 2014 жылы Кеден одағына кіруді көздеп отыр
АСТАНА. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қырғызстан Кеден Одағына 2014 жылы толықтай кіруге ниеттеніп отыр,

деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі.
Қырғызстанның экономика министрі Темір Сариев бұл туралы дүйсенбіде ел парламенті - Жогорку Кеңештің отырысында мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір одаққа қосылу мәселелерімен айналысатын кеңес құрылып, құжаттар рәсімделіп жатыр.
Бішкек 2013 жылы Кеден одағына мүше Ресей, Қазақстан және Беларусьпен кейбір мәселелерді талқылап, 2014 жылы ұйым құрамына кіруді көздеп отыр.