Қырғызстан: 35 адам президент сайлауына түскісі келеді
АСТАНА. 8 тамыз. ҚазАқпарат - Қырғызстан президенті лауазымына үміткерлердің саны 35 адамға дейін артты, олардың арасында жұмыссыздар, үй шаруасындағы әйел, милиция генералы және журналистер бар.
Би-Би-Си хабарлағандай, сондай-ақ сайлау алдындағы тізімге «Біртұтас Қырғызстан және «Атамекен» партияларының көшбасшылары мен бұрынғы Нарын облысының губернаторы да енгізіліпті.
Кандидаттыққа ұсыну мерзімі 16 тамызда аяқталады, бұдан кейін үміткерлер қор құрып, өзін қолдап дауыс берген 30 мың қол жинайды, қырғыз тілінен емтихан тапсырады.
Өткен жылдың маусымында Қырғызстанның өтпелі кезең президенті Роза Отынбаева болған еді.