Қырғызстан АҚШ-қа әскери база бойынша келісімді тоқтату туралы нота тапсырды

АСТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат - Қырғызстан сыртқы істер министрі Эрлан Абдылаев республикадағы АҚШ елшісі Памель Спратленге ынтымақтастық туралы шарттың күшін, сондай-ақ Бішкектегі Манас халықаралық әуежайында транзиттік тасымал орталығын жалдау туралы келісімді тоқтату туралы ресми хабарлаған нота тапсырды, деп хабарлады РБК.
None
None

Бұл туралы ҚР сыртқы саясат ведомствосы хабарлады.

Бұдан бұрын, маусым айының соңында келісімдерді денонсациялау туралы заң жобасына республика президенті Алмазбек Атамбаев қол қойған болатын. Бұған дейін құжатты ел парламентіндегі барлық партиялар мен бейіндік комитеттер қолдаған.

АҚШ пен Қырғызстан арасындағы ынтымақтастық туралы және орталықты жалдау туралы шартқа 2009 жылы қол қойылды. Нотаға сәйкес олардың күші 2014 жылғы 11 шілдеде тоқтатылуы тиіс болатын.

Қырғызстандағы әскери база 2001 жылы Ауғанстанда соғысып жатқан американдық әскерлерді қолдау үшін құрылған еді. Бірнеше жылдан кейін оның Транзиттік тасымалдар орталығы деп атауы өзгерген еді, бірақ мәні өзгерген жоқ: американдық әскери мамандар бұрынғыша Бішкекте болды.

Қолданыстағы келісімдердің мерзімі 2014 жылы аяқталады. Бұдан бұрын Қырғызстан билігі американдықтарға базаны жалдау туралы шарт мерзімін ұзартқысы келмейтінін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар