14:32, 12 Қаңтар 2009 | GMT +5
Қырғызстан американдық әскери базаны жапқалы отыр
БІШКЕК. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат – Қырғызстан басшылығы жақын арада американ әскери базасының жабылатындығы туралы жария етпек. «Время новостей» газетінің хабарлауынша, ел президенті Құрманбек Бәкиев сәйкес жарлыққа Ресейге жасағалы отырған сапарының алдында қол қоймақ,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Дереккөздің ақпараты бойынша, американдықтарға сонау 2001 жылы құрылған «Ганси» базасындағы барлық инфрақұрылымдарын алдағы 6 айдың ішінде жинастырып, базаның жұмысын тоқтату ұсынылып отыр. Қырғыз өкіметінің бұл шешімі Бішкек үміт артып отырған 300 миллион доллар несиеге қатысты Ресеймен арадағы келіссөзге оң әсерін тигізуі мүмкін деп пайымдалуда. Президент Қ.Бәкиев сонымен бірге, Қырғыз тарапының Ресейге берешек 180 миллион доллар қарызын да реттеуге үмітті. Сарапшылардың пікірлеріне қарағанда, Қ.Бакиевтің бұл шешімі мұхиттың ар жағынан көмек күтіп шаршаған және Ресейден қолдау іздей бастаған оппозицияның да сынына ұшырай қоюы екіталай.