08:13, 04 Ақпан 2009 | GMT +5
Қырғызстан Американың әскери базасын жабады
МӘСКЕУ. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат - Қырғызстан Үкіметі Манас әуежайында орналасқан Америка әскери базасының республикада қалу мерзімін қысқарту туралы шешім қабылдады.

Бұл туралы ел президенті Құрманбек Бакиев кеше Мәскеуде Ресей Президенті Дмитрий Медведевпен болған келіссөздің қорытындысы бойынша мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Манастағы әуежай маңындағы АҚШ әскери базасы Ауғанстандағы коалициялық күштердің қызметін қамтамасыз ету үшін 2001 жылы ашылған болатын.