Қырғызстан астанасының жаңа басшысы сайланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Албек Ибраимов Бішкектің жаңа мэрі болып сайланды, деп хабарлады КирТАГ.
Дауыс беруге Бішкек қалалық кеңесінің (кенеш) 43 депутаты қатысты, олардың біреуі ғана «қарсы» дауыс берді.
Бішкек қалалық кенешінде СДПК, «Ата Мекен», «Замандаш-Современник» және «Республика» фракцияларынан 45 депутат бар.
Үш күн ішінде Бішкек аумақтық комиссиясы тиісті қаулы шығарып, үш күн ішінде Албек Ибраимов Бішкек мэрі лауазымына ресми түрде кіріседі.