«Қырғызстан Атамбаевпен бірге ресейлене» түсе ме?»- республикалық басылымдарға шолу

ТАНА. 1 қараша. ҚазАқпарат - Қазақ ақпарат агенттігі республикалық басылымдарда 1 қараша, сейсенбі күні шыққан өзекті материалдарға шолуды ұсынады.

«Қырғызстан Атамбаевпен бірге ресейлене» түсе ме?»- республикалық басылымдарға шолу

***

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Вьетнам Социалистік Республикасына 2 күндік тұңғыш ресми сапары өтуде. Осыған орай «Егемен Қазақстан» газетінде «Тәуелсіздік тегеуіріні» деген тақырыппен көлемді мақала жарық көрді. Басылымның жазуынша, Елбасымыз ресми сапар бағ­дарламасын Ұлттық батырлар мо­нументіне барып, азаттық жо­лын­да құрбан болғандар рухына тағзым етуден, елдің тәуел­сіз­дігіне қол жеткізген тұңғыш Пре­зидент Хо Ши Миннің мавзолейіне гүл шоғын қоюдан бас­та­ды. «Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу кезінде Чыонг Тан Шанг Қазақстанның тәуелсіздік жыл­да­рындағы табыстары таңданар­лық­тай екенін қадап айтты, Елба­сым­ызды егемен елдің жиырма жылдығымен құттықтай келіп, екі мемлекеттің сауда-эконо­мика­лық қатынастары алдағы кезде қазіргіден анағұрлым арта ала­ты­нын айтты», - деп жазады басылым.

Кеше республика Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Елбасының тапсырмасымен құрылысы аяқталуға жақындаған Райымбек ауданы аумағындағы «Мойнақ» гидро-электр стансасына келді. Бұл сапар жайдан-жай емес. Бүгінде ел назары Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы қарсаңында іске қосылатын «Мойнақ» ГЭС-іне ауған. Бұл Қазақстандағы өндіріс саласының өрге басуы мен еліміз ұстанған индустриялық-инновациялық саясат жүргізудің дүниежүзілік бай тәжірибесін меңгерудің жемісі деуге болады. Үкімет басшысының сапары арқай болған мақала ел газеті «Егемен Қазақстанда» «Мойнақтың» шуақ шашар сәті жақын» деген тақырыппен берілген.

***

Қырғызстан премьер-министрі Алмазбек Атамбаев президент сайлауында алда келеді Орталық сайлау комиссиясының алдын ала берген мәліметтері бойынша, қырғыз премьері сайлаушылардың 64,7 пайыз дауысын алған. Қырғызстанның жаңа президенті сайланғаннан кейін жағдай қалай болмақ? Міне осы және басқа да өзекті сауалдарға «Айқын» газетіне сұхбат берген қырғыз саясаттанушысы Марс Сариев егжей-тегжейлі жауап берген. «Әрине, біз көбірек ресейшіл боламыз. Қырғызстанның Кеден одағына өтуі шынай жағдайға айналмақ. Бірақ бұл Ресейдің қол астына толығымен өтеміз, басқа мемлекеттерден «ат құйрығын кесісеміз» дегенді білдірмейді», - дейді қырғыз саясаттанушысы «Қырғызстан Атамбаевпен бірге «ресейлене» түсе ме?» деген тақырыппен берілген сұхбатында.

***

Ораза айт қарсаңында «ана жерде жарылыс болады, мына жерде құрбандық шалады екен» деген алып-қашпа әңгімелерден аяқ алып жүргісіз болған. Атырау Құрбан айттың қарсаңында тағы да тыныштығын бұзып алды. Дүйсенбі күні таңертеңгі сағат 9:45 шамасынла облыстық әкімшілік ғимаратының маңында болған жарылыс елдің үрейін ұшырды. Алғашында «облыстық әкімдікті жарып жіберіпті деген суық сөзді кейін «жай ғана жылу жүйесінде апат болған екен» деп тыныштандырғандар болғанымен, жергілікті тұрғындар «бұл тағы да уахабтардың жасап отырғаны» десіп дүрлікті. Бұл жайында «Алаш айнасы» газетінің бүгінгі санында кеңінен баяндалған. Мақаланың толық нұсқасын оқығыңыз келсе, «Атырауда жарылыс болды» деген тақырыпқа назар салыңыз.

«Қарағандылықтардың қуанышында шек жоқ. «Шахтер» тұңғыш рет ел футболының тарихында Қазақстан чемпионы атанды. Ал алматылықтардың өзегін өкініш кернеп тұр. «Қайрат» келесі маусымды тағы да бірінші лигада өткізеді. Ия, біреулерге қуаныш, біреулерге мұң сыйлаған ел чемпионатының кезекті маусымы аяқталды», - деп жазады «Алаш айнасы» газеті. Басылымның «Дода» айдарында жарық көрген мақала «Шахтер» - чемпион!» деген тақырыппен берілген.

***

«Маскатта Қазақстан елшісі Ерлан Әбілдаев Оман Сұлтаны Қабыс бен Саид­қа Сенім грамотасын тапсырды», - деп жазады «Казахстанская правда» газеті. Еліміздің осы мемлекеттегі алғашқы елшісінен Се­нiм грамотасын салтанатты қа­былдау рәсiміне Оман Сұлтанатындағы жо­ғары лау­азымды тұлғалары қа­тысты. Олардың ішінде мем­­лекеттік сыртқы істер министрі Юсеф бен Алауи да болды. Сенiм грамотасын сал­та­натты тапсыру рәсiмінен кейін тараптар екі-жақты қа­рым-қатынастардың өзекті мәселелерін талқы­лап, халықаралық ұйымдар шең­беріндегі өзара іс-қи­мыл жай­ын сөз етті.