Қырғызстан аумағында болған жер сілкінісі Таразда сезілген жоқ
АСТАНА. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін сағат 07:55 кезінде Тараздан 109 шақырым жерде 4,3 магнитудасы бар жер сілкінісі болды,
деп хабарлайды Жамбыл облысының төтенше жағдайлар департаменті
1 шақырым тереңдіктегі зілзала кіндігі Қырғызстан аумағында орналасқан (Талас қаласынан 50 шақырым). Ал Таразда жер сілкінісі сезілген жоқ.