Қырғызстан азаматшасы Түркиядағы жол-көлік апатында қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Анталияда (Түркия) жол-көлік апатынан Қырғызстан азаматшасы мерт болды, деп хабарлады КирТАГ Қырғызстанның СІМ-ге сілтеме жасап.
None
None

«Қырғызстан азаматшасы 7 тамызда болған жол-көлік апатында алынған жарақаттардан қаза тапты. Қазір жапа шегушінің мәйітін әкелу жайы шешіліп жатыр. Бұл мәселемен бас консулдықтың қызметкерлері айналысуда», - делінген хабарламада.

Қырғызстан СІМ ақпаратынша, Түркия азаматы мас күйінде көлік басқарған, тіпті оның көлік жүргізу куәлігі де болмаған.

Соңғы жаңалықтар