Қырғызстан азаматы шекара арқылы 3 тоннаға жуық ұн алып өтпек болды
АСТАНА. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат - Қырғызстан азаматы шекара арқылы 3 тоннаға жуық ұн алып өтпек болған жерінде ұсталды,
деп хабарлады Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен.
Оқиға қаңтардың 19-ы күні «Қордай» тексеру-өткізу бекетінде орын алды, делінген хабарламада. Шекарашылар машинаға 2 тонна 400 келі ұн тиеп, Қазақстаннан Қырғызстанға бара жатқан ер азаматты ұстады. Әлгі азаматтың жүкті шығаруға рұқсат қағаздары болмай шыққан.
Қазір бұл факті бойынша тексеру жүріп жатыр.