Қырғызстан батыс БАҚ нұсқасы бойынша туристерге ұсынылатын елдер тізімінде бірінші орынды иеленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстан Business insider (Ұлыбритания) сайтының нұсқасы бойынша келушілерге ұсынылатын елдер тізімінде бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды Кир ТАГ.

Қырғызстан батыс БАҚ нұсқасы бойынша туристерге ұсынылатын елдер тізімінде бірінші орынды иеленді

Business insider журналистері 2016 жылы туристер үшін ең әдемі, ұсынуға лайықты елдерге шолу жасады. Шолуға жетекші БАҚ және ақпараттық агенттіктер журналистері қатысты. 2016 жылғы туристік маусымның тақырыбы «Жабайы табиғат және төл мәдениет» болды. Бірінші орынды Қырғызстан иеленсе, одан кейінгі орындарға Исландия, Мадагаскар және Тайвань орналасты.

Рейтинг авторы 2016 жылғы ең перспективалы дамып келе жатқан 12 туристік бағытты атады.

Рейтингте Қырғызстанның бірінші орын алуы көпшілік үшін күтпеген жағдай болды.

Тізімде сондай-ақ Аляска, Сикоку аралы, Жапония, африкалық сафари, Оңтүстік Американың ну ормандары, Уганда, Иран, Гоби аралы, Моңғолия бар.