Қырғызстан бірінші жартыжылдықта ТМД елдері арасында өндірістік өсім қарқыны бойынша көшбасшы орында келеді

САНКТ-ПЕТЕРБОР. 4 тамыз. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Қырғызстан бірінші жартыжылдықта ТМД елдері арасында өндірістік өсім қарқыны бойынша 13,9 пайыз көрсеткішпен көшбасшы орында келеді,

Қырғызстан бірінші жартыжылдықта ТМД елдері арасында өндірістік өсім қарқыны бойынша көшбасшы орында келеді

деп хабарлады ТМД Мемлекетаралық статистика комитетінің баспасөз қызметі.

Екінші орында өндірістік өсімі 12,8 пайызға жеткен Армения, үшінші орында 11,5 пайызбен - Беларусь, төртінші орында 8,7 пайызбен - Украина, бесінші орында 6,8 пайызбен Өзбекстан орналасқан. Келесі орынға 5,8 пайыздық көрсеткішпен Қазақстан мен Тәжікстан орналасыпты. Ресей бұл көрсеткіш бойынша жетінші орында, оның өсім көрсеткіші 5,3 пайызға тең.