Қырғызстан боксшысы А. Үсенәлиев Еуропа чемпионы Эндрю Селбиді тізе бүктірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстан спортшысы Азат Үсенәлиев Дүниежүзілік бокс сериясында Еуропа чемпионы Эндрю Селбиді жеңді. Бұл туралы дүйсенбіде украиналық БАҚ хабарлады.

Қырғызстан боксшысы А. Үсенәлиев  Еуропа чемпионы Эндрю Селбиді тізе бүктірді

Дүниежүзілік бокс сериясы 2-турының ойыны аяқталды. Мұнда «Украин атамандары» «Британияның арыстан жүректері» командасымен кездесіп, қарсыласын 3:2 есебімен еңсерді. Ойын қорытындысы төрт сайыстан кейін мерзімінен бұрын шешілді. Жеңімпаздың бірі ретінде Азат Үсенәлиевтің есімі ерекше аталады. Ол 52 келі салмақ санатында Эндрю Селбимен айқасқа түсті. Жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды. Қарсыласы жарақатының ауырлығынан 5-ші раундқа шығудан бас тартты.