Қырғызстан циркінде көрсетілімге дайындық кезінде аю бір қызметкерді жарып тастады
АСТАНА. Қазанның 22-сі. ҚазАқпарат - Бішкекте республиканың мемлекеттік циркінде төтенше оқиға орын алды. Ресейлік труппаның қойылымға дайындығы кезінде аю адамдарға шабуыл жасады,
деп хабарлады ИТАР-ТАСС агенттігі.
Жедел жәрдем қызметкерлерінің айтуынша, шабуыл кезінде алған жарақаттан цирктің 25 жастағы әкімшісі Дмитрий Потапов көз жұмды. Аюандарды үйретуші 29 жастағы Дмитрий Попов бас, иық, жамбас жарақаттарымен Бішкектегі №4 ауруханаға түсті. Қазір дәрігерлер оған шұғыл көмек көрсетіп жатыр.
Аюды милиция қызметкерлері атып өлтірді.