Қырғызстан елге ЕҚЫҰ полициясын кіргізу шарттары туралы келіссөз жүргізуде

АСТАНА. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат - Қырғызстан ЕҚЫҰ полициясының көмегінен бас тартпақ емес, бірақ олардың елде келуінің кейбір шарттарымен келіспейді. Бұл туралы Қырғызстан Президенті әкімшілігінің өкілі Фарид Ниязов мәлім етті,

Қырғызстан   елге ЕҚЫҰ полициясын  кіргізу шарттары  туралы келіссөз   жүргізуде

деп хабарлайды «Азаттық» радиосы.

Ф.Ниязовтың айтуынша, полицейлік консультативтік топтың елге келу шарттары туралы меморандумның жобасында Бішкек үшін тиімсіз бірқатар баптар бар көрінеді. Сол баптар бойынша қазір ЕҚЫҰ өкілдігінде келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Маусым айында этносаралық қақтығыстар орын алған Қырғызстанның оңтүстігіне 52 халықаралық полиция қызметкерінің келуі туралы келісімге тамыз айында қол қою жоспарланған болатын. Одан бері Бішкек пен Ош қаласында елге ЕҚЫҰ полициясының әкелінуіне наразылық білдірілген акциялар болып өтті.