11:05, 22 Сәуір 2011 | GMT +5
Қырғызстан ЕурАзЭҚ ортақ сақтандыру нарығына қосылады
АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат - Қырғызстанның өтпелі кезең президентi Роза Отынбаева Минск қаласында 2009 жылдың 27 қарашасында қол қойылған «Еуразиялық экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердің ортақ сақтандыру нарығын құру туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заңды мақұлдады, деп хабарлайды "24.kg" АА.
Құжатқа сәйкес, ҚР Сыртқы істер министрлігіне аталған хаттама күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді ҚР орындауы туралы Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың ықпалдасу комитетін құлақтандыру тапсырылды.
ЕурАзЭҚ - бiртұтас сыртқы экономикалық саясаттың, тарифтердің, бағалардың және жалпы нарықты құрайтын өзге де жайттарды өңдеп, оған кiретiн мемлекеттердiң ортақ сыртқы кедендік шекарасын қалыптастыруға байланысты қызметтерді атқаратын халықаралық экономикалық ұйым.