Қырғызстан халқына өз елдерін құруда даналық пен ұстамдылық тілеймін-Н. Назарбаев

АСТАНА. Қазанның 20-сы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Қырғызстан халқына өз елдерін құруда даналық пен ұстамдылық тілеймін, деді ҚР Президенті Н.Назарбаев бүгін Астанада өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының ХVІ сессиясында сөйлеген сөзінде.

Қырғызстан халқына өз елдерін құруда даналық пен ұстамдылық тілеймін-Н. Назарбаев

«Әлемдік экономикалық дағдарыс осы заманның жаһандық проблемаларын тек ұлғайтты. Бүгінгі таңда миллиардқа жуық адам астықтың жетіспеушілігінен зардап шегуде. Жыл сайын аштықтан 5 миллионға жуық бала қаза табады. 200 миллионнан астамның жұмысы жоқ. Кедейшілік кезінде толеранттық байқалмайды. Соның салдарынан жыл сайын бүкіл әлемде 30-ға жуық жаңа қарулы қақтығыстар тұтанады. Өкінішке орай, этникааралық қақтығыстар ТМД елдерінде де орын алады», - деп атап өтті Елбасы.

Бұл орайда Қырғызстанда саяси дағдарыс жағдайында этникааралық қақтығыстарға арандап, оның соңы ауыр зардапқа әкелгендігін баса айтқан Н.Назарбаев& «Қазіргі уақытта Қырғызстанда мемлекеттік институттардың қалпына келу процесі жүруде. Біз, қазақстандықтар бұл елден әрбір жағымды жаңалықты үмітпен қабылдаймыз», - деді.