Қырғызстан ІІМ қашып жүрген аса қауіпті қылмыскерлер туралы ақпарат үшін 1 млн. сом сыйақы бермек

«Бүгіннен бастап қашып кеткен қылмыскерлердің қауіптілігіне байланысты Қырғызстан ІІМ іздеу салынған ауыр қылмыскерлердің мекенжайы жөніндегі ақпарат үшін 1 млн сом сыйақы беретіні жөнінде хабарлайды», - делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, 12 қазанға қараған түні №50 түзеу мекемесінен тоғыз сотталушы қашып кеткен.
Тоғыз қашқынның бесеуі ұсталды, олардың арасындағы жарақаты бар біреуі ауруханаға жеткізілді.
Төртеуі ізін суытты. Қашқан аса қауіпті қылмыскерлер Итибаев Алтынбек, Абдрахманов Эдил, Мусуралиев Азамат Бішкек қаласы мен Чу облысының өзге аудандарында да іздестірілуде. Барлығы діни экстремизм мен лаңкестік үшін жауапкершілікке тартылған.
Атап өтейік, бұдан бұрын Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті осы ақпарат үшін 300 мың сом сыйақы беретіні жөнінде жариялаған еді.