Қырғызстан Іле-Алатау ұлттық саябағындағы терактіге қатысы бар күдіктіні Қазақстанға тапсыратын болды

АСТАНА. 12 шілде. ҚазАқпарат - Қырғызстан Іле-Алатау ұлттық табиғи саябағында жасалған қылмысқа қатысты деген күдіктіні Қазақстанға тапсырады.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада прокуратура органдарының бірінші жартыжылдықтағы жұмысының қорытындысына арналған алқа мәжілісте ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев мәлім етті.

«ТМД елдерінің тығыз ынтымақтастығының арқасында, Іле-Алатау ұлттық саябағындағы терактіге қатысты іздеуде жүрген Саян Хайровты беру жөніндегі қолдаухатты Қырғызстан биыл қанағаттандырды»,-деді Бас прокурор А. Дауылбаев.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр 13-14 тамызда Іле-Алатау ұлттық табиғи саябағында пышақ жарақаттары бар 6 мәйіт, кейін өртеніп кеткен орманшының үйінен 5 адамның мәйіттері табылды. Ал тамыздың соңында қылмыстың 12-ші құрбаны болған азаматтың жанып кеткен денесі табылды.

Соңғы жаңалықтар