Қырғызстан Қ.Бәкиевті эстрадициялауға қол жеткізбек

АСТАНА. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат - Қырғызстан билік басшылары Беларуське Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бәкиевті экстрадициялауға байланысты екінші сұратуын жібермек. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында елдің уақытша үкіметі басшысының орынбасары Әзімбек Бекназаров айтты, деп хабарлайды РБК.
None
None

Оның пікірінше, Қырғызстанның жаңа билігінің заңдылығы Беларусь шешіміне әсер етуі мүмкін.

Ә.Бекназаров атап өткендей, Беларусьта, кейбір мәліметтер бойынша, Қ.Бәкиевтің жақын туыстары, оның ішінде оның ағасы Жаныш Бәкиев те болуы мүмкін. Қырғызстан Үкіметі туысқандары туралы ақпаратты тексермек, соның ішінде Интерпол арқылы да, деп нақтылады Ә.Бекназаров.

Қырғызстанда Қ.Бәкиевке қарсы қылмыстық іс қозғалған. Елдің жаңа басшылары оны Бішкекте сәуірдің 7-сінде шеруге шыққандарға қарсы оқ атты және билікті асыра пайдаланды деген айыптар тағылуда. Кейбір мәліметтерде Қ.Бәкиевтің отбасы Қырғызстаннан шамамен 2 млн. доллардай қаржыны алып шыққан. Беларусьтен саяси пана алған Қ.Бәкиев Отанына қайтып оралмайтыны туралы жария еткен еді.

Соңғы жаңалықтар