Қырғызстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы: Бішкектегі жарылыс - діни сепаратистердің жұмысы
БІШКЕК. 30 қараша. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Қырғызстанда орын алған соңғы оқиғаларға байланысты Бішкекте Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Марат Иманқұловтың, Ұлттық қауіпсіздік қызметі мен ҚР Ішкі істер министрлігі өкілдерінің баспасөз мәслихаты өткізілді.
«Бішкектегі жарылыс - діни сепаратистердің жұмысы, - деп мәлімдеді М.Иманқұлов. - Ошта тәркіленген жарылғыш заттар көрсетіп отырғандай, бұл жерде нағыз мамандар жұмыс жасаған. Мұндай қару-жарақпен тек лаңкестер дайындайтын арнайы лагерлерде дайындықтан өткен адамдар ғана жұмыс істей алады. Бішкекте кеше Ошта тәркіленген жарылғыш затқа ұқсас құрылғы жарылды».
«Лаңкестердің мақсаты - халықты қорқыту. Кешегі Оштағы атысқа қатысты адамдар анықталды. Жақын арада олар құрықталады. Осымен қатар біз Бішкектегі қылмысты да ашамыз», - деп атап өтті М.Иманқұлов.