Қырғызстан Қазақстан, Ресей және Беларустың Кеден одағына қосылуы тиіс - Премьер Атамбаев

АСТАНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қырғызстан Қазақстан, Ресей және Беларустың Кеден одағына қосылуы тиіс. Мұндай пікірді Қырғыз Премьер-Министрі Алмазбек Атамбаев "Ресей дауысына" берген сұхбатында білдірді. Оның айтуынша, одаққа қосылу кезінде халықаралық уағдаластық сақталуы керек, деп хабар таратады РБК.

Қырғызстан Қазақстан, Ресей және Беларустың  Кеден одағына қосылуы тиіс - Премьер Атамбаев

"Мен дәл қазір Қырғызстанның болашағы бірыңғай Кедендік одақтағы Ресеймен және басқа елдермен - Қазақстан, Белоруспен бірге екенін көріп тұрмын. Сонымен қатар Ресеймен Бірыңғай экономикалық кеңістікте біздің әлеуетіміз арта түседі", - деді А.Атамбаев.

Оның айтуынша, Қырғызстан Кедендік одаққа қосылуға өтініш білдірген.