Қырғызстан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен барша қазақ еліне көмектері үшін алғыс айтады
АСТАНА. Қазанның 8-і. ҚазАқпарат - Өткен аптада Бішкектегі қазақ елшілігіне Ош және Жалал-Абад қалаларын қалпына келтіру мен дамыту жөніндегі Қырғыз Республикасының Мемлекеттік дирекциясынан хат келіп түсті, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Хатта Қырғызстанның оңтүстігіндегі маусым айында болған тәртіпсіздіктерден зардап шеккен аудандарға арналып ақысыз көмек ретінде Қазақстаннан жіберілген құрылыс заттарының толық көлемде жеткендігі жазылады.
«Қырғызстан Республикасы үкіметі мен барлық қырғыз елінің атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен барша қазақ халқына Қырғызстан Республикасының халқына жіберген көмектері үшін шын жүректен алғыс айтамыз», - делінген хат мәтінінде.