Қырғызстан қазақстандықтарды Бүкіләлемдік көшпенділер ойындарына қатысуға шақырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 9 қыркүйектен 14 қыркүйекке дейін Қырғызстанның Ыстықкөл облысындағы Шолпан Ата қаласында алғаш рет Бүкіләлемдік көшпенділер ойындары өтеді.
Бұл туралы Қазақстандағы Қырғызстан Республикасының Бас консулдығынан хабарлады, деп жазады sports.kz.
«Ойындар аясында этникалық спорт түрлері бойынша жарыстар, сонымен бірге мәдени, музыкалық және театрландырылған шаралар ұйымдастыру көзделген», делінген хабарламада.