Қырғызстан Қазақстаннан газды бұрынғы бағамен сатып алатын болды

БІШКЕК. ҚазАқпарат - «Қырғызгаз» ААҚ газбен қамтамасыз ететін елдермен келісімшартты 2014 жылдың 2 тоқсанына дейін ұзартты.

Қырғызстан Қазақстаннан газды бұрынғы бағамен сатып алатын болды

Компанияның баспасөз қызметінен хабарланғандай, өнім бұрынғы көлемде бұрынғы бағамен импортталады.

«ҚазТрансГаз» АҚ Қырғызстанға 100 млн. текше метр газды әр мың текше метрін 224 АҚШ доллары құнымен жеткізу туралы келісімшарттың мерзімін ұзартты. «Қырғызгаз» Өзбекстанмен 25 млн. текше метр көлеміндегі газды сатып алуға келісті. Оның бір мың текше метрінің құны 290 АҚШ долларын құрады.