Қырғызстан Қазақстанның Жамбыл облысына шығатын көлік жолын оңалтуды жоспарлап отыр
Қырғызстанда қабылданған сыныптамаға сәйкес, аталмыш көлік жолы Қырғыз Республикасының Талас облысының басты магистралі ғана емес, сонымен қатар халықаралық мақсаттағы жол да болып отыр. Қазіргі жолдың бағыты Талас алқабының барлық елді мекендері, сонымен қатар Талас қаласы арқылы да өтіп, облыстың негізгі көлік ағымын қамтамасыз етіп, соның арқасында аймақтық тауар рыногы мен қызметтерге қол жеткізетін жалғыз жол болып отыр.
Жол Қырғызстан ішінде де және оның сыртында да негізгі экономикалық орталықтармен байланысты қамтамасыз етуде орасан рөл атқарады. Батыста ол Қазақстан шекарасына шығады, шығыста ол Қырғыз Республикасының негізгі көлік магистралі Бішкек-Ош жолына қосылады, осының арқасында республиканың Шу, Жалал-Абад және Ош облыстарына жол ашады.
Жоба негізінен Ислам даму банкінің қарыз ақшасына жүзеге асырылуда. Бөлінген 25,4 млн. АҚШ доллары көлеміндегі ақша 2012 жылға дейін жолдың 199 километрін оңалтуға жұмсалады. Осының арқасында, қаржымен тек 118 километр ғана қамтылмайды. Жолдың осы учаскесін қаржыландыру қазіргі күні ойластырылуда.