Қырғызстан кеденшілері Қазақстанға әкелінетін апиын партиясының жолын кесті

БІШКЕК. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ – Қырғыз Республикасының Мемлекеттік кеден комитеті Қазақстанға бағыт алған апиын партиясы бар есірткі тасушының ұсталғаны туралы ақпарат таратты,

Қырғызстан кеденшілері Қазақстанға әкелінетін апиын партиясының жолын кесті
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Қырғыз Республикасы Мемлекеттік кеден комитеті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша есірткі затының партиясы мамырдың 10-ында Бішкек-Алматы тас жолындағы Қазақстан жаққа кетіп бара жатқан жеңіл автокөлікті қарау кезінде жолаушының жүгінен табылған. Төрт полиэтилен қалтаға орап-байланған, алынған есірткі затының жалпы салмағы 3 килә 930 грамды құраған. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.