Қырғызстан кейбір ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауға тыйым салды

БІШКЕК. ҚазАқпарат – Қырғызстанда жем (шөп, сабан, кебек және дәнді дақылдар), арпа, күріш, сұлы экспортына уақытша мораторий енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Қырғызстан кейбір ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауға тыйым салды

Қырғызстан Республикасы Министрлер кабинетінің қаулысына сәйкес, белгіленген уақытша тыйым реэкспортқа, транзитке, сондай-ақ гуманитарлық көмекке қатысты қолданылмайды.
Мораторий алты ай мерзімге енгізіледі және ресми жарияланғаннан кейін жеті күн өткен соң күшіне енеді.