Қырғызстан қолөнершілері Ирандағы халықаралық фестивальге қатысты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тегеранда Наурыз мерекесіне арналған қолөнершілердің халықаралық фестивалі өтті.
Наурыздың 3-і мен 5-і аралығында болған дәстүрлі шараны мәдени мұра, қолөнер және туризм Кеңсесі және Иранның Юнеско жанындағы материалдық емес мұраны сақтау зерттеу орталығы ұйымдастырған.
Шараға Иран, Тәжікстан, Өзбекстан, Индонезия, Армения және тағы басқа елдерден келген қолөнер шеберлері қатысты. Қырғызстан атынан «CACSARC-kg» - Қырғызстандағы қолөнерді қолдау қауымдастығының әкімшілік орталығы қоғамдық қорының және «Оймо» халықаралық қолөнер фестивалінің басшылығы келді.
Фестиваль аясында этномәдени мұраны сақтау мәселесіне арналған конференция өтті. Оның басты мақсаты - балаларды ұлттық қуыршақтар мен ойыншықтармен таныстыру арқылы ұлттық тарих пен мәдениетке назарын аудару.
Иранның Ұлттық мұражайында Қырғызстан қолөнершілері киізден жасалған қуыршақтар мен "оймо" стиліндегі дүниелермен таныстырды. Қырғыз шеберлерінің туындылары фестиваль қонақтары мен дизайнерлерді өзінің бірегейлігімен, сапасы әрі бояуымен ерекше тәнті етті, деп хабарлайды centralasian.org.