Қырғызстан қырғыз күресінен Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының чемпионы атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында қырғыз күресі бойынша 7 алтын медаль жеңіп алған Қырғызстан спортшылары чемпион атанды.
Бұл туралы сәрсенбі күні Ойындар сайтында жарияланды.
Дүниежүзілік көшпелілер ойындары аясында 6 қыркүйек күні дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде қырғыз күресі бойынша жарыстар өтті. Оған жеті салмақ дәрежесі бойынша 26 мемлекеттен 96 спортшы қатысты. Қырғызстан командасы барлық салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алып, абсолютті чемпион атанды.