Қырғызстан «Манас» базасы бойынша АҚШ-пен шартты үзеді

АСТАНА. 21 мамыр. ҚазАқпарат - Қырғызстан билігі қазір Транзиттік тасымалдар орталығы орналасқан бұрынғы «Манас» авиабазасы бойынша АҚШ-пен ынтымақтастық туралы келісімді тоқтатпақ.

Қырғызстан «Манас» базасы бойынша АҚШ-пен шартты үзеді

Бұл туралы Росбалт қырғыз үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, шарт 2014 жылғы 11 маусымда тоқтатылмақ. Келісімді үзу «Манас» базасымен байланысты барлық нысандар мен жылжымайтын мүліктің барлық түрі бойынша келісімдерді тоқтату дегенді білдіреді.

Қырғызстан Үкіметі парламенттің бекітуіне қаулы жобасын ұсынады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Вашингтон Қырғызстан үкіметімен «Манас» транзиттік орталығына қатысты келісімді ұзарту мүмкіндігі туралы келіссөздерді бастаған болатын.

Атап өтейік, 2012 жылғы қыркүйекте Ресей Президенті Владимир Путин Қырғызстанға сапарының қорытындысымен қол жеткен уағдаластықтарға сәйкес Ресей Қырғызстандағы әскери базаға бақылауды кемінде 2032 жылға дейін сақтайды. Шарт 2017 жылы күшіне енеді, ол 15 жылға есептелген, одан кейін бес жылға ұзартылуы мүмкін.

Сонымен қатар, Ресей Қырғызстанның 2005 жылғы 5 қыркүйектегі 189 млн. доллар қарызын кешірді. 2009 жылғы 300 млн. доллар мөлшеріндегі берешегіне қатысты айтар болсақ, оның қалдығы алты жылдың ішінде есептен шығарылады.

Сондай-ақ Мәскеу мен Бішкек Қамбарата ГЭС-І құрылысы және оны пайдалану жөнінде келісімге қол қойды. Құрылысқа жеңілдетілген несие тарту көзделген.