Қырғызстан мемлекеттік ту күнін атап өтіп жатыр
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қырғызстандықтарды мерекемен құттықтап, халқына бейбітшілік, амандық, молшылық, ашық аспан мен жарқын болашақ тіледі.
Мемлекеттік ту 1992 жылдың 3 наурызында Қырғыз Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жарлығымен бекітілді. Мереке ҚР Президентінің 2009 жылдың 10 маусымындағы «Қырғыз Республикасының мемлекеттік туы» жарлығымен бекітілді және 2010 жылдың 3 наурызынан бастап атап өтіледі.
Оның авторлары – Қырғызстанның танымал архитекторлары мен суретшілері - Еділ Айдарбеков, Бекбосун Жайчыбеков, Сабыр Иптаров, Жүсіп Матаев және Маматбек Сыдықов.
Мемлекеттік ту қызыл тікбұрышты матадан тұрады, оның ортасында алтын түстес қырық сәулесі бар дөңгелек күн дискісі және қызыл түсті қырғыз киіз үйінің символы түндік бейнеленген.
Қызыл түс қайрат пен батылдықты білдіреді, алтын түстес күн тыныштық пен байлық белгісі, шеңберге біріктірілген 40 сәуле ежелгі 40 тайпаның бір Қырғызстан болып біріккенін аңғартады, ал түндік туған ошақ символы, тереңнен ойласақ әлемдегі бейбітшілікті білдіреді.
Автор Гульмира Абдрахманова