Қырғызстан мен НАТО ҚР аумағы арқылы өтетін жүк транзиті жөніндегі Келісімге қол қойды
БІШКЕК. 23 мамыр. ҚазАқпарат - Чикагода (АҚШ) өткен НАТО саммитінің аясында Қырғызстан Республикасының Үкіметі мен НАТО-ның арасында келісімге қол қою рәсімі өтті.
Келісім қауіпсіздік әрекеттері халықаралық күштері үшін Қырғызстан Республикасының аумағы арқылы өтетін жер бетіндегі (теміржол және көлік) транзитті жүкке қатысты.
Қырғызстан СІМ хаюарлағандай, ҚР Үкіметінің атынан келімге саммиттің жұмысы кезінде қырғызстандық делегацияны басқарған сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев қол қойды. НАТО тарапынан келісімге Альянс бас хатшысының орынбасары, елші Александр Вершбоу қол қойды.
Аталмыш келісім Ауғанстанның қайта құрылуы мен тұрақтылығына, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша халықаралық әрекеттерді қолдауда Қырғызстан Республиканың аумағы арқылы өткізілетін жер бетіндегі (теміржол және көлік) транзитті жүкті қарастырады.