Қырғызстан өнеркәсіп өсімінің қарқыны бойынша ТМД елдері арасында көш бастап келеді
САНКТ-ПЕТЕРБОР. 3 қараша. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Қырғызстан 2010 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша ТМД елдерінің арасында өнеркәсіп өсімінің қарқыны бойынша көш бастап келеді - бұл көрсеткіш өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 16,7 пайызға жетті,
деп хабарлайды ТМД Мемлекетаралық статистика комитеті.
Екінші орынға өнеркәсіптік өсім 10,9 пайызды құрап отырған Армения табан тіреді, үшінші орын 10,8 пайыздық көрсеткішпен Украинада.
Тәжікстанда өнеркәсіп өсімі 9 айдың қорытындысы бойынша 10,6 пайызға артты, Қазақстанда - 10,4, Беларуста - 10,3 ал Ресейде 8,9 пайыз.
Одан кейін өсудің кему қарқыны бойынша Өзбекстан - 8, Молдавия - 6,3, Әзірбайжан - 3,1 пайыздық көрсеткіште.