Қырғызстан оппозициялық партиясының көшбасшылары түрлі мерзімге бас бостандықтарынан айырылды

БІШКЕК. 30 наурыз. ҚазАқпарат - Жұма күні Бішкек қаласының Первомайский аудандық соты белгілі оппозиция қайраткерлері,

Қырғызстан оппозициялық партиясының көшбасшылары түрлі мерзімге бас бостандықтарынан айырылды

«Ата-Жұрт» фракциясынан ҚР Жогорку Кенешінің депутаттары Қамшыбек Тәшиевті және Садыр Жапаровты - бір жарым жылға, Талант Мамытовты бір жылға бас бостандықтарынан айыруға үкім етті. Партия көшбасшысы Қ.Тәшиев ҚР ҚК 295-бабы («Билікті күшпен басып алу және билікті күшпен ұстап тұру») және басқа да баптар бойынша кінәлі деп танылды.

Еске салайық, парламенттің үш депутатына және олардың бірнеше сыбайласына қатысты қылмыстық іс 2012 жылдың 3 қазанындағы оқиғадан кейін қозғалды. Сол күні Бішкекте митинг аяқталысымен Қ.Тәшиев «Ата-Жұрттың» жақтастар тобымен «Ақ үйдің» (онда ҚР президентінің және парламентінің аппараты орналасқан) қоршауынан секіріп түсті. Тәртіп сақшыларына құқықбұзушыларды тарқату мүмкін болды, ал Қ.Тәшиев, С.Жапаров және Т.Мамытов тұтқындалып, Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу абақтысына қамалды.