19:19, 01 Мамыр 2017 | GMT +5
Қырғызстан: Өзгенде үш адамның денесі табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үш адамның денесі лай көшкінінен аршылып алынды, деп хабарлайды knews.kg Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасай отырып.
30 сәуірде сағат 14:15-те екі бала табылған. Олар 2005 жылғы М.А., 2015 жылғы Х.М.
Сол күні кешке қарай сағат 17:40-тар шамасында 1997 жылғы Г.М-ның мәйіті үйінді астынан аршылып алынды.
Еске сала кетсек, 29 сәуір күні шамамен 07:20-да Зергер ауылдық округінің Аю ауылы маңында жалпы көлемі шамамен 1 млн текше метр болатын лай көшкіні жүрді. Лай көшкіні астында шамамен 24 адам қалған.