Қырғызстан Парламентінде төрағаға сенімсіздік көрсету мәселесі бойынша дауыс беру өтеді
БИШКЕК. 12 желтоқсан. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Бүгін Қырғызстан ұлттық Парламентінде Жогорку Кенеш төрағасы Ахматбек Келдібековтің қызметіне баға беру және оған сенімсіздік білдіру мәселесі қаралады
Республиканың жаңадан сайланған Президенті Алмазбек Атамбаев Үкіметте Қырғызстанның Социалистік-Демократиялық партиясының жаңа көпшілік коалициясын құруға мандат берді. Осыған байланысты, кейбір депутаттар қазіргі төрағаға коалицияның ыдырауы себебімен қызметін тоқтату талабын қойды.
Қырғызстан Конституциясына сәйкес А.Келдібековке сенімсіздік білдіруді жариялау үшін жалпы саны 120 депутаттың 80-нен астамының дауыстары керек.
Жогорку Кенеште төрағалық ету жасы бойынша ересектеу оның орынбасарларының біріне беріледі.