Қырғызстан парламентіне бес партия өтеді - сайлаудың алдын ала қорытындысы

БІШКЕК. Қазанның 11-і. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Қырғызстанда Жогорку Кенешке ұлттық сайлау өткенін ҚазАқпарат бұған дейін хабарлаған болатын.

Қырғызстан  парламентіне  бес   партия өтеді  -    сайлаудың алдын ала қорытындысы

Сарапшылардың айтуынша, дауыс беруге сайлаушылардың 56 пайызы қатысты.

Қырғызстан азаматтары үшін барлығы 2 мыңнан астам сайлау учаскесі ұйымдастырылды, Қазақстанның Астана және Алматы қалаларында да екі учаске ұйымдастырылды. Сайлаудың барысын шетелдік және жергілікті байқаушылар бақылады, олардың қатарында түрлі миссиялар бойынша келген Қазақстанның елу азаматы бар. Байқаушылардың көпшілігі дауыс беру үдерісіне оң баға беріп отыр.

Бюллетеньдердің 85 пайызын есептеудің қорытындысы бойынша, 8,52 пайыз дауыспен «Ата жұрт» партиясы алда келеді. Екінші орында 7,97 пайыз дауыспен - Қырғызстанның Социал-демократиялық партиясы тұрса, үшінші орынды «Республика» және «Ар-Намыс» партиялары бөлісіп отыр. Олардан кейін «Атамекен» партиясы келеді.

Осылайша, аталған бес партия парламентке өтудің бес пайыздық межесінен өте алды. Қалған бірлестіктердің жағдайды өзгертуге мүмкіндіктері аздау.