Қырғызстан парламентінің жаңа басшысы сайланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғыз Республикасының Жогорку Кенеш депутаттары жаңа спикерді сайлады. Берілген дауыстардың қорытындысы бойынша «Қырғызстан» фракциясынан шыққан кандидат Дастан Жұмабеков  парламент спикері болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Кnews» агенттігіне  сілтеме жасап.

Қырғызстан парламентінің жаңа басшысы сайланды

Спикер лауазымына Д. Жұмабековпен таласқан екінші кандидат «Онугуу - Прогресс» фракциясының мүддесін қорғайтын И. Масалиев болды. Сайлауда Жұмабековке - 80, Масалиевке 32 депутат дауыс берді, 5 депутат екеуінің де кандидатурасына қарсы болды.

Еске сала кетсек, 25 қазанда Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеш спикері Чыныбай Тұрсынбеков отставкаға кетті . Ол бұл лауазымға 2016 жылдың сәуірінде сайланған болатын.