Қырғызстан Премьер-Министрінің міндетін атқарушысы тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәрсенбі, 26 наурыз Қырғызстан Президенті Алмазбаек Атамбаев елдің Премьер-Министрі міндетін атқарушы қызметіне Жомарт Отарбаевты тағайындады. Ол осыған дейін үкімет басшысының бірінші орынбасары болған.

Қырғызстан Премьер-Министрінің міндетін атқарушысы тағайындалды

25 наурыз күні отставкаға кету туралы өтініш білдірген Жантөре Сатыбалдиев Президенттің Жарлығымен Премьер-Министрдің міндетін атқарушы қызметінен босатылды.

Еске сала кетейік, ҚР Парламентінде басқарушы «Ырыс алды-ынтымақ» депутаттық фракциясының ыдырауынан кейін жаңа коалицияны құру бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр. Одақты құруға мандатты ҚСДП фракциясының президенті ұсынған.