Қырғызстан премьері: егер өзіне тиімді болса, ел Кеден одағына қосылады

СТАНА. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат - Егер өзіне тиімді болса, Қырғызстан Қазақстан, Беларусь және Ресей елдерінің Кедендік одағына қосылады.
None
None

Бұл туралы Қырғызстанның премьер-министрі Данияр Үсенов бүгін баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлады РБК агенттігі.

Оның айтуынша, Қырғызстанның, Кеден одағы елдерінен айырмашылығы сол, ол Дүниежүзілік сауда ұйымына кіреді, бірақ бұл оған Кеден одағына кіруге кедергі болмайды. «ДСҰ жарғысы бойынша, біз аймақтық ұйымдарға қатыса аламыз», деп атап көрсетті премьер.

Қазіргі таңда Қырғызстанның мамандары елдің Кедендік одаққа қосылуынан қаншалықты пайда келетінін есептеп жатыр, себебі бірқатар кедендік тарифтер бойынша Кеден одағына қатысушы елдердің ставкалары жоғарырақ, дейді қырғыз премьері.

Соңғы жаңалықтар