14:12, 20 Ақпан 2009 | GMT +5
Қырғызстан Президенті АҚШ әуе базасын ел аумағынан шығару туралы құжатқа қол қойды
БІШКЕК. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат – Бүгін Қырғызстан Президенті Құрманбек Бәкиев «Манас» халықаралық әуежайындағы американ авиабазасының орналасуы туралы АҚШ-пен жасалған келісімнің күшін тоқтату туралы Заңға қол қойды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Енді қырғыз сыртқы істер ведомствосы келісімнің күші жойылғаны туралы АҚШ үкіметін ресми хабардар ететін болады, содан кейін авиабаза 180 күннің ішінде республика аумағынан шығарылады.