Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевты Алла жазалады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мұсылмандар одағы мен Орталық Азиядағы Адам құқықтары жөніндегі мұсылмандық комитет Қырғызстан республикасының президенті Атамбаевқа хат жолдап, тез сауығып кетуін тіледі.
«Күтпеген сырқат туралы хабар бізді мұңайтты. Сіздің жазылуыңызды тілейміз» - делінген Қазақстан мұсылмандар одағы мен Орталық Азиядағы Адам құқықтары жөніндегі мұсылмандық комитеттің жолдауында (хатында).
Сонымен қатар, қазақстандық мұсылмандар қырғыз президентінің 60 жылдығын дүркіретіп тойламау жөніндегі кеңеске құлақ аспағанына өкініш білдірді. Олар лидердің қазіргі сырқаты Алланың жазасы екеніне сенімді.
«Құдай алдындағы кінәңді өтеу үшін туған ауылыңда қайырымдылық асын беріп, қорғансыз азаматтарға қолдау көрсет. Бұл Құдайдың қайырымдылығын қайтарып, шипасын береді, - деген кеңес берді өздерінің хатында Қазақстан мұсылмандар одағының басшысы Телібеков.